Мемлекет басшысы То Ламға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы – І дәрежелі «Достық» орденін табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға екі ел ықпалдастығын одан әрі арттыруға қолдау көрсете бересіз деген сенім білдірді. Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы "Бұл мен үшін өте құнды марапат. Өйткені мұны елдеріміздің ондаған жылдардан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастығы мен тілектестігінің нәтижесі әрі қос халықтың сенімі мен шынайы сүйіспеншілігінің белгісі деп білемін" деді. Сондай-ақ Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, ал қазақ халқының бақ-берекесі арта беруіне тілектестік білдірді.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #То Лам #Достық ордені #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz