RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан-Вьетнам Қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

06.05.2025, 19:26 510

Қазақстан мен Вьетнам қорғаныс министрлері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды 24kz.

Генерал-полковник Руслан Жақсылықов алдымен вьетнамдық әріптесін көрнекті қайраткер Хо Ши Миннің туғанына 135 жыл толуымен құттықтады. Кейін іскерлік талқылау кезінде бітімгерлік, әскери білім беру және әскери-техникалық саладағы өзара іс-қимыл сияқты перспективалы бағыттар сөз болды. Қос тарап өзара келіссөз жүргізді. Армия генералы Фан Ван Зянг еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен танысуға қызығушылық танытты. Вьетнамдық мамандардың біздің елге сапары жоспарланғанын хабарлады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz