Вьетнам – Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстанның маңызды әріптесі. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесу барысында осылай деді.
Мәжіліс спикері мәртебелі мейманды Қазақстан Президентінің қолынан алған жоғары марапат – І дәрежелі «Достық» орденімен құттықтады. Кездесу барысында тараптар «АМАNАТ» партиясы мен Вьетнам Коммунистік партиясы арасында берік әріптестік байланыс орнағанын атап өтті. Осылайша, екі саяси ұйымның ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселесіне ерекше мән берді. Сондай-ақ қос ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты тереңдете отырып, заң шығару бағытында тәжірибе алмасуға келісті.
Тегтер #Вьетнам #Қазақстан #әріптестік #Ерлан КошановPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz