Армения – Қазақстан үшін маңызды серіктес. Еліміз Армения басшылығының жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларын үлкен қызығушылықпен бақылап отыр, деп хабарлайды 24kz.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Астанаға ресми сапармен келген Армения Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесуі барысында осылай деді. Ерлан Қошанов армян әріптесін еліміздегі іске асып жатқан бастамалар мен заң шығару жұмысы туралы хабардар етті. Кездесу барысында тараптар бейінді комитеттер арқылы тәжірибе алмасуға келісті. Сондай-ақ экономика, логистика және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастыққа басымдық бермек.
Тегтер #Қазақстан #Армения #ынтымақтастық #Ерлан ҚошановPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz