RU
Толық нұсқаға өту

ҚХА-ны 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесі талқыланды

16.05.2025, 19:53 567

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтті.

Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан Халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасы талқыланды. Сенат Төрағасы Ассамблея қоғамдық келісім мен этносаралық қатынастың ұлттық үлгісін көрсеткен маңызды институтқа айналғанын атап өтті. "Қазір біздің алдымызда Әділетті, Әлеуметтік және Инклюзивті Қазақстан құру міндеті тұр. Бұл істе Ассамблея үлкен рөл атқаруға тиіс, деді ол. Сенат жаңа құжатты әзірлеуге белсенді атсалысады. Мәулен Әшімбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық барысына да тоқталды. Оның айтуынша, аталған форум ҚХА секілді  халықтық дипломатия мен сенім мәдениетін ілгерілетуге қызмет етпек.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Мемлекет басшысының еліміздің жан-жақты дамуын көздейтін стратегиялық бағдарын қолдау - біздің ортақ міндетіміз. Азаматтық қоғамның белсенді қолдауының арқасында және Ассамблеяның барлық институттарын, мемлекеттік құрылымдарды, депутаттық корпусты жұмылдыра отырып, біз тұрақты, әділетті, әлеуметтік және инклюзивті Қазақстан қалыптастыра аламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz