RU
Толық нұсқаға өту

Е. Қарин ЮНИСЕФ-тің аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті

17.05.2025, 17:00 575

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНИСЕФ-тің аймақтық директоры Реджина Де Доминичиспен кездесті. Ерлан Қарин балаларды қорғау бойынша елде қолға алынып жатқан негізгі реформалар туралы, соның ішінде психологиялық және отбасылық қолдау орталықтары желісін дамытуға, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға арналған жаңа әдістемелерді енгізуге қатысты жұмыстар жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясаттың барлық бағытын біріктіретін «Қазақстан балалары» атты кешенді бағдарламаға тоқталды. Реджина Де Доминичис Қазақстанның халықаралық міндеттемелерді іске асыру жолындағы жұмыстарын жоғары бағалады. Ол Қазақстанның орнықты даму мақсаттарын ілгерілету ісінде маңызды рөл атқаратынын, жаңа өңірлік бастамалар аясында белсенді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді. Кездесуге Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да қатысты. Ол суицидтің, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған шараларды қамтитын «Safe Kids» атты ұлттық бағдарламаны таныстырды. Жиын қорытындысы бойынша тараптар серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өскелең ұрпақтың игілігі үшін бірлескен бастамаларды іске асыруға мүдделі екенін растады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz