RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Оңтүстік Корея цифрлық үкімет саласында тәжірибе алмасты

19.05.2025, 11:05 356

Қазақстан мен Оңтүстік Корея цифрлық үкімет саласында тәжірибе алмасты. Оңтүстік Кореяның Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі ұйымдастырған бес күндік семинарға 9 елдің өкілдері қатысты.

Мамандар кездесу барысында мемлекеттік сектордағы жасанды интеллект бойынша ұлттық стратегия және сервистерге ерекше көңіл аударды. Жиынға қатысушылар цифрлық үкіметтің міндеттерін де талқылады. Семинарда 2019 жылдан бері Қазақстан мен Оңтүстік Корея цифрлық салада тығыз ынтымақтастықта екені айтылды. Осы уақыт ішінде үлкен деректерді талдауға арналған сынақ платформасын құру сияқты бірнеше бірлескен жоба жүзеге асты. Сонымен қатар қазақстандық GPT-чатының баламасын әзірлеуде Корея тәжірибесі пайдаланылды.

Зұра Қамзинова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалар жетекшісі:

- Өткен жылы біз жасанды интеллектпен айналысатын қазақстандық мамандар тобын осында жібердік. Олар fine-tuning бойынша курс өтіп, басқа елдерде өңдеуге рұқсат етілген ашық деректерді пысықтады. Нәтижелерін шығарып, бүгінде сол тәжірибені өзіміздің қазақстандық LLM-ді дамытуда қолданып жүрміз.

Пак Бён Джун, Корея Республикасы Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігінің департамент директоры:

- Оңтүстік Корея мен Қазақстанның цифрлық үкімет саласындағы ынтымақтастығына жарқын мысал – 2021 жылдан бері іске асырылып келе жатқан цифрлық трансформация әлеуетін арттыру жобасы. Оны Кореяның Ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі, Астана мемлекеттік қызмет хабы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы бірлесіп жүзеге асырады. Жоба Қазақстанды қосқанда 12 елді қамтып, мемлекеттік қызметшілердің цифрлық технологиялар жөніндегі біліктілігін көтеруге бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz