Ел Парламентінің делегациясы Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысына қатысты.
Жиында сөз сөйлеген Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов есірткінің заңсыз айналымы мен интернет алаяқтықтың өсу мәселелеріне назар аударды. Ол ұйымға мүше елдерде мұндай жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы заңнамалық тосқауыл қою үшін күш біріктіруге шақырды. Себебі миллиондаған адам осы қылмыстың құрбанына айналуда. Ал оның ұйымдастырушылары көбіне шет елдерден әрекет етуде. Ерлан Қошанов Парламенттік Ассамблея синтетикалық есірткі мен киберқылмысқа қарсы іс-әрекет саласында ортақ құқықтық кеңістік құруға ықпал ете алатынын жеткізді. Қазақстан депутаттары осы жұмысқа белсене атсалысуға дайын. Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы Ұйымға мүше елдердің депутаттарын Ауғанстандағы жағдайды үнемі назарда ұстауға шақырды.
Тегтер #ҰҚШҰ #синтетикалық есірткі #ОДКБ #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz