Мемлекет басшысы Румыния Президенті Никушор Данға құттықтау жеделхатын жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Никушор Данды Румыния Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.
– Бұл жеңісіңіз – халқыңыздың Сізге және Румынияның дамуын баянды етуге бағытталған маңызды жоспарларыңызға көрсеткен қолдауы мен сенімінің айқын дәлелі деп білемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Астана мен Бухарест арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне үмітім зор, – делінген жеделхатта.
t.me/aqorda_resmi
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #Румыния #Никушор Дан #құттықтау жеделхаты #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz