Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлік миссияларына 750-ден аса қазақстандық әскери қызметші қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Жауынгерлеріміздің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға үлес қосу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында бірінші инженерлік-саперлік «Қазбат» жасағының құрылуынан бастау алады. Ал, 2014 жылы еліміздің Қарулы күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахараға бақылаушы ретінде алғаш жіберілді. Қазақстан Үкіметі мен БҰҰ-ның бітімгерлік желісі бойынша бірлескен іс-қимылы сол кезеңнен басталды. Бүгінге дейін бітімгерлеріміз Ливан, Батыс Сахара және Кот-д'Ивуар аумақтарында қызмет етті. Былтыр еліміз БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыстағы миссиясына қосымша күш жіберді. Әсіресе, Орталық Африка, Мали, Конго миссияларының міндеті күрделі болды. Еліміз халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, әлем елдері алдындағы беделін арттырып келеді. Сонымен қатар әскерилеріміз жауынгерлік тәжірибе жинақтап, кәсіби даярлықттарын жетілдіруде.
Айта кетейік, бүгін – Халықаралық бітімгерлер күні. Бұл күні әлем шиеленіс ошақтарында қаза тапқандарды еске алып, қақтығыстарды реттеуге күш салып жүргендерге сый-құрмет көрсетеді.
Жігер Аипов, Қазақстан Ұлттық бітімгерлік контингентінің командирі, подполковник:
- Біріншіден, біз көпұлтты арада жұмыс істеуді үйреніп, осы миссияның көпұлтты штабында бірге жұмыс істеуге адаптация өттік. Содан бері 1 жылдың ішінде 500-ден астам тапсырмалар орындады. Оның 450-ден астамы буферлік зона мен екі мемлекеттің шекарасының бойында патрульдік жасау. Контингенттің осы миссия үшін атқарып жатқан міндеттерінің маңызы өте зор. Стратегиялық тапсырмаларды да орындадық.
Тегтер #БҰҰ #бітімгерлік миссияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz