Қасым-Жомарт Тоқаев пен Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Стратегиялық серіктестікті кеңейту жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сондай-ақ Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Италия үкіметі арасында аса маңызды қазба байлықтары мен шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасалды. Бұл кездесуде "Самұрық-Қазына" АҚ Италияның бірнеше компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге келді. Су еліміз үшін өзекті мәселенің бірі. Енді тараптар суға қатысты сын-қатерлерге байланысты практикалық шешімдерді ілгерілету жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырмақшы.
Тегтер #Тоқаев #Джорджа Мелони #бірлескен мәлімдеме #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz