Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев те елордаға ат басын бұрды, деп хабарлайды 24kz.
Мәртебелі мейманды Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Өзбек басшысы елордада өтетін «Орталық Азия – Италия» саммитіне қатысады.
Айта кетейік, Өзбекстан – Қазақстанның маңызды сауда серіктесі. Екі ел арасындағы өзара сауда көлемі былтыр 4 млрд доллардан асты. Осы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1 млрд долларды құрап, шамамен 12%-ке артты. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 10 млрд долларға дейін жетуі тиіс. Ынтымақтастықтың басым бағыттары – су-энергетика және транзиттік-көлік салалары, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп кооперациясы.
Тегтер #Астана #Өзбекстан #Орталық Азия #Италия #саммитPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz