RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Өзбекстан Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті

30.05.2025, 22:37 295

Алматыда Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов кездесті, деп хабарлайды 24kz.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және Парламентаралық қатынастарды дамыту жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады. Отырыста Мәжіліс спикері кейінгі жылдары екі ел арасында жоғары деңгейдегі бірқатар өзара сапар өтіп, тарихи құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. Екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың жүйелі сипат алғанына назар аударды. Өз кезегінде Нуриддин Исмоилов парламентаралық диалог елдер арасындағы сенімді нығайтудың маңызды факторы екенін және мемлекет басшыларының стратегиялық келісімдерін жүзеге асыруға септігін тигізетінін айтты. Кеңесте экономика, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект бағыттары бойынша ынтымақтастық перспективалары, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы жобалар талқыланды.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Екі ел президенттерінің саяси ерік-жігері мен даналығының  арқасында қазақ-өзбек байланысы бұрын-соңды болмаған биік деңгейге жетті. 100-ден астам келісімнен тұратын берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Олар біздің қарым-қатынасымыздың барлық саласын қамтиды. Ынтымақтастықтың жаңа форматының институционалдық негізі қаланды. Президенттеріміз ықпалдастықтың басым бағыттарын айқындап, оларды ілгерілету үшін нақты міндеттер қойды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz