Әр өңірде Мемлекеттік рәміздер үйін құру қажет.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Серік Еркімбаев осыны ұсынды. Ұлттық музейде тұңғыш рәмізтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерденовті еске алуға арналған конференцияға жиналған қауым Ту, Елтаңба, Әнұранымызды насихаттауға мән берудің маңызына тоқталды. Өйткені ол мемлекетіміздің әлемдегі орнын айшықтайтын нышан. Ербол Шаймерденов те тарихи сана мен ұлттық бірегейлікті нығайтуға күш салды. Оның еңбектері қашан да өзекті. Конференцияға келген сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері осыны үндеді. Сол себепті "Елтаным" кітабы да қайта басылып, оқырманға жол тартты.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Жоғарғы Кеңес депутаттары сол кезде осы туға байланысты, әнұранға байланысты үлкен конкурстар жарияланып, сол жұмыстар жүргізілді. Сонда осылардың бәрін әзірлеу, тиянақтау, түскен жобаларды қарап, конкурстың ашық өтуіне тікелей атсалысқан азаматтың бірі Ербол Шаймерденұлы. Ол алғашқы Президенттің баспасөз хатшысы ретінде де, жоғарғы кеңесте баспасөз хатшысы ретінде де өте жақсы өнімді жұмыс істеген болатын.
Күләш Шаймерденова, Е. Шаймерденовтың жары:
- Бүкіл халық болып, ел болып қуанып, тәй-тәй басқан тәуелсіз еліміз өзінің рәміздерін қабылдаған кезде соншалықты бір халықтың құштарлықпен, махаббатпен араласқанын көріп, мектеп оқушысына дейін осыған атсалысқан, ағаң айтып отыратын. Оның бәріне куәміз.
Тегтер #Астана #Мемлекеттік рәміздер #конференция #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz