RU
Толық нұсқаға өту

Президент Құрбан айт мерекесімен құттықтады

06.06.2025, 08:01 1111

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Ардақты ағайын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы.

Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына жанашыр болуға үндейді. Бауырластық пен сыйластықты дәріптейді. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі.   

Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез-келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз. 

Құрбан айт кезінде айтылар дұға-тілектер қабыл болсын!

Әр шаңыраққа құт-береке қонсын!

Айттан айтқа аман-есен жете берейік!»

t.me/aqorda_resmi

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz