Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #құттықтау жеделхаты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz