Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстаннан бірқатар елге әуе рейстері тоқтатылды, деп хабарлайды 24kz.
Атап айтсақ, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, сондай-ақ оған жақын аймақтарда ұшуға тыйым салынды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады. Шектеулер әуе тасымалының барлық түріне: соның ішінде жолаушылар мен жүк тасымалдарына да қатысты болып отыр. Министрлік сондай-ақ БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне сапарлап шығатын жолаушыларға мұқият болуды ескертеді.
Тегтер #Таяу Шығыс #жағдай #Қазақстан #әуе рейстері #шектеу #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz