Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі Төлежан Барлыбаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге сенім грамоталарын тапсырды.
Тапсыру рәсімі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасы ескерткіштерінің тізіміне кіретін «Киевтік София» (1037 ж.) ұлттық қорықтың аумағында өтті.
Қысқаша сұхбат барысында дәстүрлі достық қазақ-украиналық қарым-қатынастардың жағдайы мен болашағы, сондай-ақ әртүрлі салалардағы іскерлік ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі
Тегтер #Қазақстан Елшісі #Украина #Владимир Зеленский #сенім грамоталары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz