Еркін Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан тбосатылды.
Тегтер #Еркін Тұқымов #тағайындау #Ақорда #АуғанстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz