Азаматтардың сот жүйесіне сенімі артып келеді.
Президент қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы осылай деді. Асламбек Мерғалиевтың айтуынша сот органдарына түскен талап-арыз бен шағымдар 18,1 пайызға ұлғайған. Мемлекетпен арадағы дау кезіндегі көрсеткіште жақсарған. Әкімшілік сотта қаралған ондай істердің 60 пайызға жуығында үкім азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына шешілді. Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етіп, сот төрелігінің сапасын арттыру және судьялардың тәуелсіздігі мен жауапкершілігін күшейту мақсатында сот жүйесін одан әрі жетілдіру маңызды екеніне назар аударды.
Тегтер #президент #Жоғарғы Сот #төраға #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz