Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына ведомствоның жаңа басшысын таныстырды. Жиында Нұрлан Сауранбаевтың саладағы тәжірибесі атап өтілді.
Үкімет басшысы Президенттің министрлік алдына қойған негізгі міндеттеріне тоқталды. Соның ішінде Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, порттарды, логистикалық хабтарды, авиация және теміржол дәліздерін дамыту қажет. Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, әсіресе ірі жобалардың сапасын бақылау тапсырылды.
Тегтер #Олжас Бектенов #Көлік министрі #Нұрлан Сауранбаев #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz