RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ерлан Дакенов ҚР МАМ Мәдениет комитетінің төрағасы болып тағайындалды

16.07.2025, 08:20 501

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығымен Ерлан Дакенов Ерғазыұлы Мәдениет комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

1977 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетті бітірген.

2000–2008 жылдары – «Ақтоғай Транспорт компаниясы» ЖШС менеджері, заңгері.

2008–2012 жылдары – Астана қаласының Мәдениет басқармасы «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК кадр бөлімінің қоюшы-режиссері, продюсер маманы, баспасөз хатшысы, инспектор - аға маманы.

2012–2016 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитеті «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі» РМҚК директоры.

2016–2019 жылдары – ҚР Мәдениет министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК директорының орынбасары.

2019–2023 жылдары – Астана қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

2023 жылғы тамыздан бастап соңғы тағайындауға дейін Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК бас директоры.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz