Премьер-министр «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай сала қызметкерлеріне Президент атынан мемлекеттік наградаларды табыс етті. Биыл Мемлекет басшысы алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген кеншісі» және «Қазақстанның еңбек сіңірген өнеркәсіп қайраткері» деген атақтар тағайындады.
Жалпы тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі 600-ге жуық жұмысшының еңбегі еленді. Олар – өндіріс озаттары мен еңбек ардагерлері. Былтыр тау-кен металлургия саласы ел экономикасын 7 пайызға жуық арттырды. Кен игеру ісіне 110 мыңнан аса адам үлес қосып жүр. Барлығы машина жасау, құрылыс, мұнай-газ және энергетика бағытының дамуына серпін береді. Олжас Бектенов өндірісті жаңғырту, жаңа кен орындарын игеру және заманауи технологияларды енгізу жұмысы жалғасатынын жеткізді.
Болат Айдаболов, III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері:
- Бұл орденмен марапатталуым - Мемлекет басшысының біздің ортақ еңбегімізге берген жоғары бағасы. Металлургия саласы ел экономикасының негізі. Сондықтан біз әрқашан адал еңбек етуге дайынбыз.
Гүлбану Жұмаділдинова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:
- Бұл марапат менің ғана емес, барша әріптесімінің ортақ жемісі деп қабылдаймын. Еңбегім еленіп, жоғары награда алғаным үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысымды білдіремін.
Тегтер #президент #награда #кәсіби мереке #Жұмысшы мамандықтар жылыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz