RU
Толық нұсқаға өту

Олжас Бектенов Михаил Мишустинмен кездесті

24.07.2025, 15:00 585

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Оның барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Былтыр өзара сауда көлемі $27,8 млрд-қа жетіп, 2025 жылғы қаңтар-мамырда $9,6 млрд-ты құрады.

Олжас Бектенов мемлекеттер басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауда көлемін $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша мақсатты жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында осы жылдың күзінде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық басым бағыттар бойынша екі ел арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz