Еліміздің оңтүстігіндегі кей жерлерде егін қурап кетуі мүмкін.
Қазгидромет биыл бұл өңірлерде жауын-шашын тапшы болғанын алға тартып отыр. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Үкімет Сырдария өзенінің жоғары жағында орналасқан көршілес мемлекеттермен су шаруашылығын үйлестіру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Осы орайда Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, аймақтағы су шаруашылығы нысандарын тексерді. «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегіш нысанын көрген Үкімет басшысы тіршілік нәрін бөлуге қатысты қадағалауды күшейту қажеттігін баса айтты. Шардара қоймасы - Түркістан және Қызылорда облыстарындағы ауыл шаруашылығы алқаптарын суарумен қатар қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін негізгі нысан. Қазірде трансшекаралық су көздерінен келетін тіршілік нәрінің көлемі азайған. Сондықтан Үкімет ішкі су қорын дамытуға басымдық беріп отыр. Премьер-министр осыған орай жауаптыларға бірқатар нақты тапсырма жүктеді.
Тегтер #үкімет басшысы #Түркістан облысы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz