RU
Толық нұсқаға өту

ШЫҰ-ға мүше елдер арасында «Бірыңғай жастар қанаты» құрылады

04.08.2025, 23:13 609

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында «Бірыңғай жастар қанаты» құрылады, деп хабарлайды 24kz.

Оның қатысушылары экологиялық жобаларды жүзеге асырып, экономикалық байланысты нығайтуға күш салады. Бұл туралы осы ұйымның Жастар делегациясының Шығыс Қазақстанға сапары кезінде айтылды. Үлкен Нарын ауданында өткен форумда бас қосқан қонақтар алдымен аймақтың туристік әлеуеті жайлы ақпарат алды. Кездесуге Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей елінен келген қоғам белсенділері қатысты.

Қайрат Қамбаров, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері  комитетінің төрағасы:

- Бұл жастар ұйымдары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытатын жоғары деңгейлі кездесу болды. Өйткені талантты, жаңашыл замандастарымыз өте көп, ал мемлекеттер арасындағы достық ұстаным жаңа идеяларға серпін береді. Сондықтан осы керемет басқосу нәтижесі алдағы уақытта тиімді келіссөздерге түрткі болмақ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz