Әзербайжан мен Армения арасындағы келісім - тек екі елдің емес, тұтас аймақтың тұрақтылығы үшін аса маңызды қадам.
Сарапшылар бұл құжатты Оңтүстік Кавказдағы жаңа геосаяси кезеңнің бастауы деп бағалап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Вашингтондағы уағдаластықтың сәтті жүзеге асуы – көп жақты дипломатияның және АҚШ президентінің бітімгерлік миссиясының нәтижесі. Бұл тараптар арасындағы сенімді нығайтуға, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды жандандыруға жол ашады, дейді мамандар. Бұдан бөлек Армения аумағынан өтетін Зангезур дәлізінің бөлігі америкалық компанияға 99 жылға берілмек. АҚШ бұл жерді теміржол, мұнай-газ құбырлары, талшықты-оптикалық және электр желілерін дамытуға арналған консорциумға қайта жалға бермек.
Жанерке Қайратқызы, саясаттанушы:
- Бұл жерде Ресейдің де мүддесі бар, Қытайдың да мүддесі бар және біз Иранның да мүддесін ұмытпауымыз керек. Өйткені Иран бұл тараптан дабыл қағып жатыр. Себебі Иран Арменияның территориясы арқылы Орта Азиямен және Оңтүстік, Солтүстік дәлізін дамытуға мүдделі болатын. Сол себепті бұл жерде үлкен мүдделердің бәсекесі тұр.
Тегтер #саясаттанушы #Әзербайжан #Армения #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz