Мемлекет басшысы Үндістанның Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл күн үнді халқының мызғымас рухы мен мемлекеттік құрылыс, экономикалық даму және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолындағы тамаша жетістіктерін көрсетеді, деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас сипатын оң бағалап, екі елдің стратегиялық серіктестігі алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.
Тегтер #Тоқаев #Үндістан #премьер министр #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz