RU
Толық нұсқаға өту

Қ.Тоқаев Халықаралық нысана көздеу федерацияларының жетекшілерін қабылдады

15.08.2025, 19:24 624

Елімізде нысана көздеу спортын дамытуға ерекше мән беріледі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясы және Нысана көздеуден Азия конфе-дерациясының жетекшілерін қабылдау барысында айтты. Тараптар ынтымақтастық перспективасын талқылады. Президент халықаралық федерациялардың атқаратын миссиясын және ұйым басшыларының аталған спорт түрін танымал етуге қосқан жеке үлесін жоғары бағалады. Әрі  алдағы уақытта нысана көздеу және стенд ату спортын дамытуға дайын екенін жеткізді. Мәртебелі меймандар  Қазақстан Президентіне ерекше ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы, Лучано Росси мен Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz