Шығыс Қазақстанда туризмнің даму қарқынын қазіргіден де күшейтуге болады.
Тек инженерлік инфарқұрылыммен қамтамасыз ету жағын жақсартса болғаны. Облыстың көрікті аймақтарын аралап шыққан мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова осындай пікірін жеткізді. Жалпы биылғы бірінші тоқсанда өңірге 100 мыңға жуық турист атбасын тіреген. Салаға 15 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылды. Қазір тылсым табиғатымен қонақтарды қызықтыратын, бірнеше бағытқа апаратын 170 шақырымға жуық жол жөнделіп жатыр. 12 санитарлық кешен салынды. Дегенмен, қонақтар мен кәсіпкерлерге қолайсыздық тудыратын жайттар жетерлік. Депутаттарға әсіресе инфрақұрылымға байланысты сұрақтар жиі қойылды. Жергілікті кәсіпкерлер осы олқылықтың орны толса, өлкенің туристік әлеуетін түрлендіріп, қар-қындатуға дайын отыр.
Екатерина Смолякова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Электр қуаты,интернет тарту, канализация мәселелері. Жергілікті кәсіпкерлер инвестор ретінде сол жерге сол аймаққа туризмге инфрақұрылымға инвестиция құюға дайын тек инженерлік инфрақұрылымды мемлекет тарапынан біз реттеп берсек,онда туризм мына жақта қарқынды дамып кетеді.
Тегтер #депутат #туризм #инженер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz