RU
Толық нұсқаға өту

Мемлекеттік органдар Aitu ұлттық мессенджеріне көшіріледі

18.08.2025, 17:46 802

Елімізде мемлекеттік қызметтер саласында Aitu платформасы ұлттық мессенджер ретінде бекітіледі.

 Ресми органдардың коммуникациясы осы жүйеге көшіріліп, негізгі қатысушылары бірыңғай цифрлық ортаға біріктіріледі. Бастама негізінде 224 ақпараттық құрамдас алаң құрылады. Бұл өз кезегінде, еңбек шығындарын азайтуға, функционалдық және статистикалық айырмашылықтар тұрғысынан ақпараттық жүйелердің қайталану мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен цифрлық штаб отырысында айтылды. Келелі кеңесте жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.                                             

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі: 

- Бүгін біз мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктірудің кешенді жоспарын бекіттік. Сонымен қатар мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге барлық деректерді смарт дата үкімет платформасына беруді тапсырдық. Бұдан бөлек ЖИ модельдерін дамыту үшін жұмыс істеу регламенті бекітілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz