Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі осыдан 22 жыл бұрын өткен еді, деп хабарлайды 24kz.
Астанадағы алқалы отырыста діни келісім мен терроризмге қарсы күрес мәселесі талқыланды. Кейін келелі кеңесті әр 3 жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданып, екінші жиын 2006 жылға белгіленді. Оның негізгі тақырыбы халықаралық тұрақтылықтағы діндердің рөлі, диалог пен өзара түсіністік болды. Үшінші съезд 2009 жылдың шілде айында өтті. Делегаттар діни лидерлердің әділ әлем құрудағы үлесін талқылады. Төртінші съезд 2012 жылдың мамырында «Бейбітшілік пен келісім» тақырыбында өтті. Ал бесінші съезд 2015 жылдың маусымында дін мен саясаттың бейбітшілік пен даму бағытындағы диалогына арналды. Ал алтыншы съезде дін лидерлері қауіпсіз, әділ және тұрақты әлем тақырыбын қаузады. Жетінші рет әлемдік конфессия өкілдері елордада 3 жыл бұрын жиналды. Олар адамгершілік рухы мен бірлікті жаңғыртуға үндеу жасады. Сегізінші съездің өтуіне аз қалды. Ол Астанада 17-18 қыркүйек күндері өтеді.
Тегтер #әлемдік діндер #съезд #хронология #Астана
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz