Конституция барлық азаматқа тең мүмкіндік беріп, әділетті қоғамның негізін қалады. Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов Қазақстан халық партиясының ұйымдастыруымен өткен жиында осылай деді.
Конституцияның 30 жылдығына арналған жиында Ата заңға енгізілген өзгертулер талқыланды. Сондай-ақ заң үстемдігін орнату, сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселесі қаралды.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 3 жыл бұрын Конституцияға кіргізген нормалар қоғамға қалай әсер етіп жатыр, қоғамға қандай пайдасы болды, қалай біздің адамдар құқықтарын қорғап жатыр, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасы туралы талқылаймыз.
Тегтер #Мәжіліс депутаттары #Конституцияның 30 жылдығы #әділетті қоғамPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz