Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді.
Орталықтың негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Оған 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Еуразиядағы жетекші озық технологиялар орталығы болуға ұмтылатынын айтты. "Қазақстан өңірде алғаш рет Ұлттық банктің цифрлық валютасын, яғни, цифрлық теңгені енгізді. Бұдан бөлек, таяуда Үкіметтің, ғылым мен бизнестің стратегиялық қажеттіліктеріне арналған қуатты Суперкомпьютер кластері іске қосылды. Біздің Орталық салықтық, визалық және еңбек саясатындағы жеңілдіктер арқылы инвестиция тартуға қажетті барлық жағдайды жасайды. Мұнда әр инвесторға жекелей қолдау көрсетіп, британ құқығына негізделген сот жүйесін, сондай-ақ ислам қаржы өнімдерінің кең спектрін ұсынады. Иордания компанияларын да халықаралық қаржы орталығының белсенді қатысушысы болуға шақырамыз, деді Президент.
Тегтер #Мемлекет басшысы #Абдалла бен Әл Хусейн #АХҚО #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz