Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі – өзге конфессия өкілдерінің пікірлерін тыңдауға жақсы мүмкіндік.
Бұл туралы Корей буддизмі Чоге орденінің халықаралық байланыстар комитетінің мүшесі, монах Мун Джонг айтты. Ол былтыр съезд хатшылығының отырысына қатысқан. Ал биыл делегация құрамында Астанада өтетін VIII съезге барады. Мун Джонгтың айтуынша, дін лидерлері адамзат үшін ең жоғары құндылық өмірді және өзгенің наным-сеніміне құрметпен қарауды дәріптейді. Еске сала кетейік, Чоге ордені – корей буддизмінің 1700 жылдық дәстүрін мұра еткен ірі діни бірлестік. Оның құрамында 3 мыңнан астам тау монастырі бар. Оңтүстік Кореяда шамамен 13 мың монах және буддизмді ұстанушы 10 миллион адам тұрады.
Мун Джонг, Корей буддизмі Чоге орденінің халықаралық байланыстар комитетінің мүшесі:
- Чоге орденінің өкілі яғни, корей буддизмі мен Кореяның дәстүрлі дінін таныстырушы ретінде, менің ойымша, адамзаттың бірге бейбіт өмір сүруі үшін қажетті негізгі іргетас – бейбітшілік. Сондықтан біз әрқашан осыған көңіл бөлеміз, ынтымақтасамыз және өз ұстанымдарымызды бірге білдіру үшін іс-шараларға қатысуға тырысамыз. Әлемде дәстүрлі діндер көп болғанымен Астанадағы съезде корей буддизмін таныстырып, осындай кездесулерге қатысу мен үшін үлкен мәртебе.
Тегтер #корея #әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz