Конституциямыздың 30 жылдығымен Женева дипломатиялық клубының президенті құттықтады.
Роберт Блюмнің айтуынша Қазақстан, Ата заңды қабылдағаннан бергі 30 жылда заң үстемдігін және демократиялық қағидаларды сақтап келеді. Дипломатиялық клуб президенті елге алты рет сапарлап келіпті. Біз туралы кітап та жазған.
Роберт Блюм, Женева дипломатиялық клубының президенті
- Қазақстанда барлық мүмкіндік бар. Сіздің ел туралы жазған кітабымда президент Тоқаев ұсынған Конституцияға өзгерістердің уақтылы жасалғанын атап өттім: енді президент бір-ақ рет, жеті жылға сайланады. Бұл дұрыс шешім, бірақ күрделі міндет. Франция азаматы ретінде білетінім: демократияның шамадан тыс көп болуы анархияға әкелуі мүмкін. Сондықтан ережелер мен заңдарды сақтау маңызды.
Тегтер #Конституцияның 30 жылдығы #Қазақстан #Женевa #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz