RU
Толық нұсқаға өту

Президент Малайзия Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

31.08.2025, 09:00 367

Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагим мен оның отандастарын Малайзияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Малайзия арасындағы өзара түсіністік пен ортақ құндылықтарға негізделген қарым-қатынастың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ануар Ибрагимнің аса жауапты қызметіне табыс, ал Малайзия халқына құт-береке тіледі. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz