RU
Толық нұсқаға өту

Астанада ШЫҰ кеңсесі құрылады

01.09.2025, 11:15 439

Астана халықаралық қаржы орталығы базасында ШЫҰ кеңсесі құрылуы мүмкін.

Жаңа құрылым перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдейтін болады. Қытайда өтіп жатқан жиында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай ұсыныс білдірді. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру өте өзекті деп санайтынын сөз етті. Бұл ретте Қазақстан ШЫҰ-ның санкциялық қысымға қарсы еркін әрі әділ әлемдік сауданы дамыту бағытындағы нақты іс-қимылын қолдайды,- деді қазақ басшысы.   

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

ШЫҰ құрылған сәттен бері елдеріміздің әлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлесі екі есе ұлғайып, 30 пайызға жетті. Ішкі өңірлік сауда сенімді түрде өсіп келеді. Былтырғы қорытынды бойынша оның көлемі 650 миллиард доллардан асты. Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы да тұрақты түрде өсіп, өткен жылы 70 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан ШЫҰ даму банкін құру жөніндегі Қытайдың бастамасына қолдау білдіріп, аталған перспективті жобаға атсалысуға әзір. Бұдан бөлек, Астана халықаралық қаржы орталығы базасында перспективті инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, заңгерлік, консалтингтік және қаржылық компанияларды шоғырландыратын ШЫҰ Кеңсесін құруды ұсынамын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz