Мемлекет басшысы осы күндері Қытай елінде жүр. Онда Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымы плюс саммитіне қатысты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – тұтас Еуразияның болашағын айқындайтын ұйым. Бүгінде оған 10 мемлекет мүшелік етіп, 14 ел серіктес болып отыр. Ішкі өңірлік сауда көлемі 650 млрд доллардан асты. Ал Қазақстанмен тауар айналымы 70 млрд долларға жуықтаған.
Риат Шони, тілші:
- Шанхай ынтымақтастық ұйымының түп-тамыры «Шанхай бестігіне» барып тіреледі. 1996 жылы Шанхайда Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары алғаш рет жиналып, шекарадағы әскери сенім шаралары туралы келісімге қол қойған болатын.
1996 жылы«Шанхай бестігінде» Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан болды
Кейін олардың қатарында Өзбекстан қосылып, 2001 жылы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымы деп атала бастады.
Бүгінде ұйымға 10 мемлекет мүше: Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан, Пәкістан, Иран және соңғы қосылған Беларусь елі.
Мүше мемлекеттер
Қазақстан
Қытай
Ресей
Қырғызстан
Тәжікстан
Өзбекстан
Үндістан
Пәкістан
Иран
Беларусь
Ал Ауғанстан мен Моңғолия байқаушы мемлекеттер қатарында.
Бұдан бөлек, 10-нан астам мемлекет диалогтық серіктес болып саналады.
Серіктес елдер: Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Камбоджа, Египет, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма, Непал, Қатар, Сауд Арабиясы, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Шри-Ланка.
Ұйымға төрағалық ету кезекпен жүреді. Ол жыл сайын алфавит ретімен ауысып отырады. Яғни, бәрі тең дәрежеде сөз айтады. Мәселен, былтыр бұл ұйымға Қазақстан төрағалық етті. Ал биыл кезек Қытай Халық Республикасында.
Жалпы ұйым қандай мәселелерді шешеді?
Қандай мәселелер шешіледі?
- Аймақтық қауіпсіздік (терроризм, экстремизм, есірткі саудасына қарсы күрес).
- Экономикалық ынтымақтастық (сауда, инфрақұрылым, көлік дәліздерін дамыту).
- Мәдени-гуманитарлық байланыстар (студент алмасу, спорт, туризм) сынды бағытта әрдайым күн тәртібіне шығарылады.
Негізгі бағыттар
- Қауіпсіздік: терроризмге, экстремизмге қарсы күрес
- Экономика: сауда, көлік дәліздерін дамыту
- Мәдениет: білім, спорт, туризм
Ал ұйымның күнделікті жұмысын Бас хатшы басқарады.
Ол – мүше мемлекеттердің ортақ келісімімен 3 жылға ғана сайланады.
2025 жылдан бері бұл қызметті қазақстандық дипломат Нұрлан Ермекбаев атқарып отыр.
Тағы бір қызықты факт: ШЫҰ – территориясы жағынан әлемдегі ең ірі халықаралық ұйым. Жер шарында алып жатқан аумағы БҰҰ-ға мүше елдердің 60%-ін, ал халқы әлемдегі адамдардың 40%-ін құрайды.
Бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы тек саясат қана емес, тұтас Еуразияның болашағын айқындайтын ұйымға айналған.
Тегтер #ШЫҰ #Қазақстан #Қытай #Еуразия #ынтымақтастықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz