RU
Толық нұсқаға өту

Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы ашылды

02.09.2025, 19:00 1450

Салтанатты рәсімге Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Бұны тарихи оқиға ретінде бағалап, қытай жұртының қазаққа білдірген достық пейілі, деп таныды. Қытай мәдениет және туризм министрі Сунь Ели Президентке мәдениет орталығын таныстырды. Мұнда кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері бар. Көрме залына Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі экспонаттар мен артефактілер қойылған. Экспозиция археология, зергерлік бұйымдар, қару-жарақ жасау өнері мен ұлт аспаптары және этнографияға арналған бес бөлімнен тұрады. Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz