RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен Түрікменстан байланысы бекіді

04.09.2025, 14:42 734

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сауда айналымы былтыр 550 миллион доллардан асты.

Ал қазақстандық инвесторлар Түрікменстан экономикасына 16 миллион доллар инвестиция құйды. Арадағы ынтымақтастық енді тереңдей түседі. Себебі бүгін Сенатта екіжақты инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісім ратификацияланды. Бұл құжатта инвесторлардың мүдделерін құқықтық тұрғыдан қорғау мен инвестициялық қызметтің ашықтығын айқындау механизмдері көрсетілген. Сондай-ақ аталған келісім аясында, мемлекеттер ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға міндеттеліп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz