Жасанды интеллектіні жаппай енгізу және жаппай цифрландыру еліміздің барлық саладағы әлеуетін еселеп арттырады. Біздің стратегиялық бағдарымыздың ең басты қыры осы болуға тиіс. Мемлекет басшысы кешегі Жолдауда Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керектігін баса айтты.
Бүгін Үкімет отырысында Қ. Тоқаевтың Жолдауда айқындаған міндеттері пысықталып жатыр. Жауаптылар барлық сала бойынша қолға алынған шаралар жайында жан жақты баяндауда.
Әлішер Әли, тілші:
- Цифрлық кодексті Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пысықтау Мәжіліс жанынан құрылған құзыреттер орталығының негізінде жүргізіліп жатыр. Құжат Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданатын болады. Бұл туралы Жаслан Мәдиев мәлімдеді. Министрдің айтуынша кодекс жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде GitHub сайтында жарияланады.
Елде «ЖИ-қозғалыс» бастамасын іске асыру жалғасып жатыр. Бес жыл ішінде елдің 1 миллион азаматы жасанды интеллект дағдыларын үйренетін болады. Сондай-ақ шекарадағы цифрлық инфрақұрылымды күшейту үшін 2026 жылы 50 өткізу пунктін ұялы байланыспен қамтылады.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Алатау қаласына ерекше дамудың арнайы мәртебесін беру туралы Жарлық жобасы дайындалып, Президент Әкімшілігіне енгізілді. Бұл туралы Ұлттық Экономика министрі мәлімдеді. Жарлық шеңберінде жеке Заң қабылданғанға дейін Alatau City-ді операциялық басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаланы басқару және оның жұмыс істеу тетіктерін құру жөніндегі шаралар айқындалады.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі:
- Үкіметте салық төлеушіні ЖИ қолдана отырып, сервистік сүйемелдеу тетігін енгізу мәселесі қарастырылды. Олжас Бектенов Цифрландыру министрлігіне салық және кедендік әкімшілендіру қызметтерін көрсету үшін аталған орталықты жасанды интеллектіге қатысты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Тегтер #Цифрлық кодекс #Жолдау 2025 #жасанды интеллект #Таңдаулы
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz