Әлем елдері жаппай қарусызданудың орнына әскери әлеуетті арттырудан жарысып жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Ядролық қақтығыс қаупі де жаһанды қатты алаңдатады. Сарапшылар соңғы 10 жылда зұлымдық пен мейірімділік арасындағы үлкен тартыс қаупі күшейгенін жиі айтады. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде Президент қиын кезеңде өзара сенімді нығайтып, жатсынуды жоятын басты құрал – конструктивті дипломатия болуы тиіс екенін мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, жаһанның түрлі аймағында жүріп жатқан гибридті соғыстар қисапсыз өлім-жітімді арттырып, бас сауғалаған босқындар нөпірін көбейтіп жіберді. Әрі экономикаға да орасан зор залал тигізіп отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Халықаралық және өңірлік ұйымдар деңгейінде діни дипломатияның әлеуетін пайдалану маңызды. Осыған дейінгі Съезд аясында көтерген «Бейбітшілік қозғалысы» атты идеямды талқылауды ұсынамын. Жоғарғы дін қызметкерлері зорлық-зомбылықты тоқтатуға және бітімге келу жолдарын іздеуге ешқандай саяси реңксіз, бейтарап үндеу жасау арқылы аталған қозғалысқа моральдық тұрғыдан демеу бола алар еді.
Тегтер #діндер съезі #бейбітшілікPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz