RU
Толық нұсқаға өту

Сарапшылар: Қазақстан – мәдениеттер мен өркениеттер тоғысқан диалог алаңы

17.09.2025, 21:14 714

Төрткүл дүниенің бұрыш-бұрышын қақтығыс жайлаған уақытта тұтас адамзаттың ортақ пікірін қалыптастыру маңызды.

Ал бүгін Астанада өтіп жатқан әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сол алаңға айналды. Арнамызға сұхбат берген шетелдік сарапшылардың пікірін тыңдап көрейік.

Дженни Крюс, Warley Woods қасиетті Хильда шіркеуінің қызметкері:

- Қақтығыстарға келсек, адамдар арасындағы сенімсіздік көбіне бір-бірімен ашық сөйлеспегеннен туындайды. Сондықтан осындай форумдар өте құнды. Олар дінбасыларды жақындастырып, қате түсініктерді жояды.

Әбделуахаб Әл-шехри, Дүниежүзілік ислам лигасы бас хатшысының көмекшісі:

- Шын мәнінде, Қазақстан түрлі мәдениет пен өркениеттің тоғысқан жері ретінде ерекше рөл атқарады. Бұл платформа аясында діндер мен ұлт өкілдері өзара сенімді диалог жүргізеді. Жастарға арналған алаң да аса маңызды бастама. Бұл кездесулер мен форумдарда нақты жобалар мен жаңашыл бастамалар өмірге келеді деп ойлаймын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz