Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшылары кездесуіне қатысты.
Қырғыз Республикасының Президентімен ұжымдық кездесу барысында өңірлік ықпалдастықты, сауда-экономикалық қатынасты дамыту, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану және тағы да басқа мәселелерге назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы өзара іс-қимылдың, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және бірлескен зерттеу орталықтарын құру жайы сөз болды. Премьер-министр өз сөзінде Мемлекеттер басшыларының сындарлы саясаты Ұйымның стратегиялық негізін қалауға бағытталған маңызды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Бектенов #ҚырғызстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz