Президент Нью-Йоркте АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерімен өткен дөңгелек үстелге қатысып, қалталы азаматтарды қызықтыратын бірқатар әлеуеті бар салаларды атап берді. Америка Қазақстан экономикасына 100 млрд доллардан астам инвестиция салған ірі инвесторлардың бірі.
Қазір елде 630-дан аса америкалық компания жұмыс істеп жатыр. Дөңгелек үстел барысында Президент энергетика саласындағы әріптестікке ерекше назар аударды. Бүгінде Қазақстан әлемдік уран сұранысының 40 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Соның 24 пайызға жуығы АҚШ-қа экспортталады. Президент уран өндірісін кеңейту, геологиялық барлау және өңдеу ісінде жаңа мүмкіндіктерді қарастыру қажет екенін айтты. Сонымен қатар елдің энергетикалық стратегиясы мұнай, газ, көмір және уранға негізделгенін атап өтті. Қуаттың 70 пайыздан астамы көмірден алынады, сондықтан бұл бағыт таяу болашақта маңызды рөлін сақтай бермек. Бұдан бөлек Президент Қазақстанның мыс, вольфрам, литий сияқты стратегиялық металдарға да бай екенін де тілге тиек етті. Оның айтуынша, тау-кен саласында ашық заңнама мен қолайлы жағдай жасалған, сондықтан шетелдік ірі компаниялар қазірдің өзінде елде жұмыс істеп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #Тоқаев #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz