RU
Толық нұсқаға өту

Қ. Тоқаев АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларкты қабылдады

23.09.2025, 00:36 415

Мемлекет басшысы АҚШ Сауда палатасының президенті және бас атқарушы директоры Сюзанн Кларкты қабылдады.

Әңгімелесу барысында екіжақты тауар айналымын ұлғайту мақсатында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою мәселелері талқыланды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстанда жүргізілген жоғары деңгейдегі америкалық сауда-инвестициялық миссиясының қорытындысын құптап, еліміз Құрама Штаттардың Орталық Азиядағы негізгі серіктесі саналатынын атап өтті. Қазақстан АҚШ Үкіметімен және іскерлік орта өкілдерімен тиімді ықпалдастық орнатуға бейіл.

✔️Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен өткен бүгінгі әңгімелесудің, сондай-ақ Сауда министрі Говард Латникпен, бірқатар америкалық ірі компаниялар басшыларымен кездесудің мазмұнын жоғары бағалады.

✔️АҚШ Сауда палатасының жетекшісі экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің айтарлықтай әлеуеті бар екенін растады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сюзанн Кларк экономиканың түрлі секторында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасын қарастырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz