RU
Толық нұсқаға өту

Бес мың шақырым темір жол салынады

24.09.2025, 07:11 749

Жаһан жік-жікке бөлінген сайын, инвестиция ағынына қатысты саяси сыңаржақ ұстаным белең алды.

Соның салдарынан былтыр әлемдегі тікелей шетел инвестициясы 1,5 триллион долларға дейін азайған. Президент саладағы халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтуді табанды түрде жақтайтынын мәлімдеді. Тәуелсіздік жылдары ел экономикасына 400 миллиард доллардан астам қаржы тартылды. Мемлекет басшысы экономикадағы жетістіктерді атап, біздің елдің әлеуетін таныстырды. Транзит жайында да сөз қозғап, жоспарын ортаға салды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еуразия төсінде орналасқан Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 80 пайызына қызмет көрсететін логистикалық хаб ретінде шешуші рөл атқарады. Қазақстан қалыптасып келе жатқан жаһандық көлік жүйесінің өзегі саналатын аймақтық жеткізу тізбегін дамытуды жалғастырады. 2029 жылға дейін 5 мың шақырым жаңа теміржол салуды жоспарлап отырмыз. 

Аймақтағы тұрақтылық басты назарда  

Аймақтағы тұрақтылық та назардан тыс қалмайды. Қазақстан Орнықты даму мақсаттарын ұлттық күн тәртібіндегі басымдықтардың бірі ретінде айқындады. Осы тұрғында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін ашылған өңірлік орталық маңызды роль атқарады. Қазақстан ауған жұртының инклюзивті дамуын аймақтағы ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің кепілі деп санайды. Әрі ықпалдастықты жалғастыра береді. «Орталық Азия бестігі» де серіктестікті нығайтып келеді. Өңір әлемдегі негізгі серіктестерімен «Орталық Азия плюс» форматында диалог жүргізе бастады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz