Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағасы Ласло Kёвермен кездесті. Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.
Былтыр Будапештте қос тарап Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған. Бүгінгі сапар – осы келісімдердің жалғасы. Тараптар сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит, энергетика салаларындағы серіктестіктің келешегін сөз етті. Кездесу соңында Мәжіліс төрағасы Мемлекет басшысының атынан Ласло Kёверге Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін «Достық» орденін табыс етті.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
– Кейінгі жылдар қазақ-мажар қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерудегі маңызды кезеңге айналды. Бұл қос ел көшбасшыларының мызғымас достығының, ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз. 2023 жылы Мажарстанның Премьер-министрі Виктор Орбан Қазақстанда ресми сапармен болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Мажарстанға мемлекеттік сапары өте нәтижелі өтті. Стратегиялық келісімдерге қол қойылып, маңызды құжаттарға қол қойылды. Енді осы келісімдерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Мажарстан #ынтымақтастық #мәжілісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz