Президент жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаевты қабылдады, деп хабарлайды 24kz.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы министрге сыртқы саясатты одан әрі нығайтуды тапсырды. Ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында да міндеттер жүктеді. Қасым-Жомарт Тоқаев көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Тегтер #Қасым Жомарт Тоқаев #ҚР СІМ #Ермек Көшербаев #Ақорда #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz